Сұрақ жауап

  1. Несиенің максималды сомасы?  2 000 000 теңгеге дейін
     
  2. Несие мерзімі?  24 айға / 2 жылға дейін
     
  3. Кепілсіз несие қалай алуға болады? Егер қазір жұмыс істеп тұрған бизнесінің бар болса немесе расталған табысыңыз бар болса.
     
  4. Кепілсіз қандай сома алуға болады? 100 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін 
     
  5. Несие алу үшін қандай құжаттар қажет? : Несиеге өтінім беру үшін сіздің жеке куәлігіңіз қажет.
    * Сондай-ақ, несие өніміне байланысты қосымша құжаттар да сұратылуы мүмкін

     
  6. Зейнетақы қорланымысыз несие бересіздер ма? Ия, бірақ, егер сізде өз бинесіңіз бар болса, бірінші рет 300 000 теңге алып, саты арқылы 1 миллион теңгеге дейін өссеңіз болады. Ал расталмаған табыспен, 2 000 000 теңгеге дейін, тек кепілге жылжымайтын мүлік қою арқылы несие ала аласыз.
     
  7. Сізде қандай пайыздық мөлшерлеме бар?  Жылына 55,2% немесе айына тиімді 2,8%.
    Мысалы, сіз 6 айға 300 мың теңге алдыңыз. Ай сайынғы төлем 58351 теңгені құрайды. 6 айда артық төлем 50106 теңгені құрайды.
    Осылайша: 50106 / 300000 * 100 / 6 = 2,78% ай сайын.

     
  8. Несиені қарастыру қанша уақыт алады? Несие өніміне байланысты 1 күннен 5 күнге дейін 
     
  9. ЖК болуы міндетті ме?  жоқ
     
  10. Несиені қай валютада бересіздер? Тек қана теңгеде.
     
  11. Табысты растау міндетті түрде ме? Жоқ, міндетті түрде емес.
     
  12. Жылжымайтын мүлікті қалай тіркейсіздер? Заңға сәйкес, өз ауданыңыздың Халыққа қызмет көрсету орталығында тіркеледі.
     
  13. Сіздерде лицензия бар ма? Сіздерге сенуге бола ма? Біздің компания МҚҰ туралы заңға сәйкес,  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (одан кейін – ҚРҰБ) тізіліміне қосылған және Қазақстанның барлық банктері сиякты ҚРҰБ реттеуіне бағынамыз.
    ҰБ реестрі

     
  14. Несие тарихын тексересіздер ме? Ия, біз сіздің несие тарихыңызды міндетті түрде тексереміз.
     
  15. Менде, қазіргі кезде төленбеген несие бар, сіздер маған несие бересіздер ма? Ия, егер төленбеген несиенің негізгі борышы 100 000 теңгеден аспаса, қарастырып көруге болады.
     
  16. Егер менде бұрын уақытында төленбеген, бірақ қазір жауып тастаған несие болса, маған несие бересіздер ма? Ия, қарастырып көруге болады.
     
  17. Мен бизнеспен айналысамын, менде уақытым өте тығыз, сіздерге келіп несиеге сұраным тастауға уақытым жоқ, не істесем болады? Біздің мамандар жұмыс уақытында сіздің сауда орныңызға келіп, қажетті құжаттардың бәрін толтырып ала алады.
     
  18. Менің басқа банктен алған несиемді жауып бере аласыздар ма? (рефинансирование) Сіздің өтінішіңізді қарастыруға дайынбыз.
     
  19. Сіздер осы салада жұмыс істеп келе жатқандарыңызға қанша уақыт болды? Ресми түрде 2009 жылы тіркелгенбіз, жұмыс істеп келе жатқанымызға 5 жылдан асты.
  20. Егер АҚШ долларының курсі өзгерсе, сіздер келісімнің шарттарын өзгертесіздер ма? Жоқ, өзгертілмейді. Себебі, біз несиені тек теңгемен береміз.
     
  21. Сіздерде, несиені беру бермеу туралы шешімді кім қабылдайды?  Біздің компаниямызда кредит бойынша шешімді кредиттік комитет (комиссия) атынан уәкілетті орган қабылдайды, шешім клиенттің ұсынған деректері негізінде қабылданады, сондықтан кредиттік маманға оның қаржылық жағдайының неғұрлым толық және шынайы бейнесін ұсыну қарызалушының өзінің мүддесінде.